2,5 млн теңге: туысын алдаған жетісайлық әйел ұсталды

83

Түркістан облысында туысын алдап, 2,5 млн теңгені қолды еткен тұрғын ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Шардара аудандық полиция бөліміне жетісайлық тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, туысы мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сеніміне кіріп, 2,5 миллион теңге ақшасын алған. Алайда, бір жыл уақыт өтсе де, күдікті уәде етілген ақшаны қайтармаған.

«Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті әйел анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/220816-2-5-mln-tenge-tuysyn-aldagan-zhetisaylyk-eyel-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.