2023 ЖЫЛҒЫ 19-20 ШІЛДЕ КҮНДЕРІ ТАЛАС АУДАНЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ АНОНСЫ

109
️Құрметті
Талас ауданының тұрғындары!
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен
2020 жылы бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы биылғы жылы өңірімізде қайта өткізілуде. Жамбыл облысы әкімінің 2023 жылғы
4 сәуірдегі №35-Ө өкімімен 19-20 шілде күндері Талас ауданында
іске асырылатын болады.
Жоба барысында – әр түрлі сала мамандары тұрғындармен кездесіп, кәсіби кеңестер береді, заң аясында қолдау көрсетеді.
Жұмыс топтарында ішкі саясат, білім, спорт, тілдерді дамыту,
жастар, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының өкілдері болады және олар қоғамдық қабылдаулар жүргізетінін еске саламыз.
Өткен жылы желтоқсан айында өткізілген жоба кезінде аудан тұрғындары көтерген түйткілді мәселелердің шешілуі бойынша түсіндірмелер беріледі.
Көптен бері шешілмеген мәселелеріңіз бен көкейде жүрген сұрақтарыңыз
болса, ауданда ұйымдастырылатын жобаның жұмысшы тобымен
кездесуге мүмкіндіктеріңіз бар.
Бейбітшілік пен келісімдегі мемлекеттің мерейі әрқашан үстем болады!
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы
____________________

Leave A Reply

Your email address will not be published.