Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды ресми түрде Жастар жылы деп жариялады.
Жастарды кешенді қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- 4.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 қараша
- № 784