200-ДЕН АСТАМ БАЛУАНДАР БАҚ СЫНАСТЫ

225
Жуырда Аса ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде қазақ күресінен «Жас Барыс» облыстық турниріне аудандық іріктеу жарысы болып өтті.
Төл спортымызды дамыту мақсатындағы өткен белдесуде ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Багдат Нұскабеков құттықтау сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі. Боз кілем бәсекесінде 200-ден астам жас балуандар үш жас айырмашылығы бойынша яғни, 2002-2004, 2005-2006, 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Жарыста ауылдық округтерде іріктеуден өтіп, финалға шыққан балуандар шақыртылды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыста балуандар аудан деңгейіндегі «Жас Барыс» атануға барын салды. Дегенмен «сен тұр, мен атайын» дейтін балуандардың арасынан бабы мен бағы келіскендер ғана жеңіске жетті.
Жарыс нәтижесінде, О.Мысыр, С.Тұраш, А.Рахат, Р.Бектұрсын, Қ.Тәжімбет, Ш.Расулов, А.Сағаділда, С.Патхулла, А.Шамқұл, А Қадірхан, Н.Даулетбай, Т.Есмахан, Ж.Абукәрім, Д.Тұрсын, Д.Рахматулла, Б.Есмаханбет, А.Қалмырзаев, Т.Кәрім, Ә.Өтеқожаев, Н.Серік, Н.Бейбіт, А.Өмірбек жеңімпаз атанып, облыстық бәсекеге жолдама алды. Жарыс соңында жеңіске жеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.