20 жыл бұрын түрмеге қамалған маньяк ақталып шығуы мүмкін

94

Фото: pixabay

“Челябинск маньягы” аталып кеткен Александр Корочкинге тағылған айып жойылатынын 112 Тelegram-арнасы жазды. Дерекке сүйенсек, оның жаза мерзімі аяқталуына небәрі 1 жыл ғана уақыт қалған. Александр 2004 жылы қамауға алынды. Ол жергілікті саябақта өлім жағдайы жиілеп кеткеннен кейін күдікке ілінген.

Қылмыскердің әр адамға шабуыл ізі бірдей. Яғни, ер адамдарды бірден өлтірсе, қыз балаларын зорлаған. Осылайша тергеушілер күдікті ізіне түсіп, ұстайды. Бірақ сотта Александр өз кінәсін мойындаған жоқ. Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

Дей тұрғанымен ол қамалған соң да саябақта өлім тоқтамады. Адвокаттар осы күнге дейін оның кінәсіз екенін дәлелдеу үшін арызданып келеді. Жақында полицейлер қайтыс болған аңшының үйінен тура сол жылдары жасалған қылмысқа қатысы бар қаруды тапты. Енді бұл іс жаңаша леп алуы мүмкін.

https://stan.kz/20-zhil-byrin-turmege-kamalgan-manyak-aktalip-shigui-mu-380755/

Leave A Reply

Your email address will not be published.