Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Қаратау ауылындағы шаруалардың жұмысымен танысып, жиын-терін науқанының өту барысын көрді.![]()

Мұнда «Елнұр» шаруа қожалығы 12 гектарға күнбағыс орналастырған. Түркия елінен арнайы әкелінген тұқымды еккен шаруа жиын-терін науқанына отбасымен жұмылған. Дала кемелері де жұмылдырылып, 20 тонна пісте жиналған.![]()

Аудан басшысы шаруаның жұмысына сәттілік тілеп, техника жөнінде көмектер қажеттігі болса, қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Шаруа жиналған өнімді Түркияға жөнелтуді жоспарлап отыр.
Жамбыл ауданы әкімдігі