20 ТОННА КҮНБАҒЫС ЖИНАДЫ

422
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Қаратау ауылындағы шаруалардың жұмысымен танысып, жиын-терін науқанының өту барысын көрді.
Мұнда «Елнұр» шаруа қожалығы 12 гектарға күнбағыс орналастырған. Түркия елінен арнайы әкелінген тұқымды еккен шаруа жиын-терін науқанына отбасымен жұмылған. Дала кемелері де жұмылдырылып, 20 тонна пісте жиналған.
Аудан басшысы шаруаның жұмысына сәттілік тілеп, техника жөнінде көмектер қажеттігі болса, қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Шаруа жиналған өнімді Түркияға жөнелтуді жоспарлап отыр.
Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.