20 ҚАРАША — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

26
Бүкіл әлемде Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі. 20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету» мақсатымен Бала құқықтары туралы Декларация қабылдады. Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. 2023 жылғы 15 қарашадан 25 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне орай танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклі ұйымдастырылады. Басты мақсат – мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.