Бүгін ауа райы қандай болады?
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, ал Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша тұман болжанады, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталықта көктайғақ күтіледі. Батыста, солтүстікте, оңтүстікте, орталықта боран соғады. Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта желдің күшеюі болжанады.
фото: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/256663-2-nauryzga-arnalgan-aua-raiy-bolzhamy-zhariialandy