Қариялар – құрмет құшағында

290
1 қазан — қарттар күніне орай Сарысу ауданында аудан әкімдігінің қолдауымен спорттық, мерекелік іс-шаралар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда.
Атап өтсек, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосып жүрген аудан қариялары салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жастарға үлгі-өнеге көрсете білді. Нағыз әуесқойлардың басын біріктірген шараға 7 команда мен 40 ақсақал қатысуға ниет білдірген.
Алдымен велошеру бойынша Жайылма мен Байқадам ауылдық округін байланыстырып жатқан 10 шақырым жерді велосипедпен жүріп өткен Жайылма ауылының тұрғыны Іскер Тоқманов жүйріктер арасында топ бастап, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.
Одан әрі мерекелік шара спорттың дойбы, шахмат, нысана көздеу (дартс), тастаяқ (бильярд) түрлерінен құралған спартакиаға жалғасты.
Спартакиада нәтижесі бойынша:
Дойбыдан:
I орын – Жаңатас қаласының тұрғыны Е.Қалдыбеков;
II орын – Жаңаталап ауылдық округінің тұрғыны А.Исаев;
III орын – Жаңаарық ауылдық округінің тұрғыны С.Артықбаев
Нысана көздеуден (дартс):
I орын — Жаңаталап ауылдық округінің тұрғыны М.Жұманов;
II орын — Жаңаарық ауылдық округінің тұрғыны Ш.Райымжанов;
III орын — Жайылма ауылдық округінің тұрғыны А.Дәкенов;
Тастаяқтан (бильярд):
I орын –Жаңатас қаласының тұрғыны А.Сатыбеков;
II орын –Байқадам ауылдық округінің тұрғыны С.Әбдіхалықұлы;
III орын — Тоғызкент ауылдық округінің тұрғыны Ж.Майыров;
Шахматтан:
I орын – Байқадам ауылдық округінің тұрғыны А.Толмағанбетов;
II орын – Жаңаталап ауылдық округінің тұрғыны І.Орынтаев;
III орынды – Тоғызкент ауылдық округінің тұрғыны Ж.Бүркітбаев иеленді.
Кіл жүйріктің ішінен кім жүйрікті анықтау мақсатында ұйымдастырлған іс-шараға қатысқан қариялар рухы мен денсаулығы мықты ұлт қалыптастыру үшін осындай игі шаралар жалғаса берсе деген тілек білдіріп, елеулі күнді ескерусіз қалдырмаған аудан әкіміне ризашылықтарын білдірді.
Мерекелік шаралар легі бүгін аудандық Мәдениет үйінде өтетін концерттік бағдарламаға ұласып, одан әрі аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің мерекелік қабылдауында бас қоспақ.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.