Бүгін Алматы-Өскемен тасжолында 18 көлік соқтығысты. ҚазАвтоЖол кейінгі мәліметті жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«15 қаңтардағы сағат 11:45-тегі жағдай бойынша жол бойынан барлық көлік алынып, көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Тұман ашылды», — деп жазылған хабарламада.
15 қаңтарда сағат 07:30 шамасында Алматы — Өскемен тасжолының (Алматы — Қонаев бағыты) 28-шақырымында 18 көлік жол апатына ұшырады.
«ҚазАвтоЖолдың» алдын ала ақпараты бойынша жол апатының себебі жүргізушілердің жылдамдық режимін және қашықтықты сақтамауы болды.
Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.
Фото: Видео кадры