Асқар Мырзахметов үздік журналистерді марапаттады

1 025

Бұқаралық ақпарат құралдары  саласының үздіктері мен ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен республикалық, облыстық, қалалық, аудандық басылымдар журналистерінің  басын қосқан жиында алғашқы сөзді өңір басшысы Асқар Исабекұлы алып, БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.

– Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай, төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырғанымыз бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдерінің арқасы. Журналистика саласы қоғаммен бірге тұрақты дамып келеді. Алайда,  уақыт өзгерген сайын көрермен мен оқырманның да талғамы өзгеруде. Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі тұрақты түрде өсіп келеді. Әлеуметтік желілер пайда болса да, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі бәсеңдемейді. Керісінше, олар озық технологияларды жұмыс құралына айналдырып отыр. Еңбектеріңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қаламдарыңызға қуат, өздеріңізге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!, – деді облыс әкімі.

Жалпы, бүгінде облыста 59 бұқаралық ақпарат құралдары бар болса, соның  2-уі  телеарна, 50-і басылым және 7-уі ақпараттық агенттік. Салтанатты жиында облыстың ақпараттық кеңістігін дамытуға өлшеусіз  үлес қосып келе жатқан  осы әріптестеріміздің бірқатары   марапатталды. Атап айтсақ,  облыс әкімінің Құрмет грамотасы 9  журналистке  тапсырылды. Ал, ақпарат майданындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін облыс әкімінің Алғыс хаты облыстық «Aq jol» газетінің жауапты хатшысы Шынар Сағиеваға, облыс әкімінің баспасөз қызметінің операторы Мұрат Таубаевқа және  «Jambyl-Taraz» газетінің дизайнері Анастасия Мелкинаға берілді.

Бұдан бөлек, биылғы марапаттаудың үлгісі өзгеріп, сала үздіктері «Аймақ айшықтары», «Аймақ келбеті» сынды аталымдар бойынша құрметтелді. 50 мың теңге көлеміндегі мұндай  ақшалай сыйақыға 18 бұқаралық ақпарат құралдарының облыстағы меншікті тілшілері мен  27 басылымның редакторлары ие болды.

Ал,  «Үздік БАҚ» аталымы бойынша  «Jambyl» телеарнасы мен  «Знамя труда» газетінің ұжымы 500 мың теңге сыйақымен марапатталды.

Бұдан бөлек, журналистерді облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері   Несіпбек Дәутайұлы, Елен Әлімжан, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Еркінбек Солтыбаев құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Бұл күні құрметке бөленгендердің қатарында  ардагер-журналист Әбділда Сәрсенбі де болды.  Ол  «Қазақстанның Құрметті журналисі» төсбелгісімен наградталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.