Баршаңызды кәсіби мереке — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлер күні» күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ең алдымен күнделікті өміріміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, елдің әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі үшін тынымсыз еңбек ететін сала мамандарына қажырлы еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Бүгінде осы саланың ұжымдары ешбір қиындықтарға қарамастан өндірісті жандандыру, құрылғылардың сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолында ерен еңбек етіп келеді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні — бұл өз өмірін қиын, бірақ өте маңызды істе адамдарды жарық пен жылумен, сумен, көшелердің тазалығын қамтамасыз етуге арнаған мамандардың мерекесі.
Осы саланың қызметкерлері осы миссияны сәтті орындап, облыстың әр үйіне, әлеуметтік мекемелерге және халық шаруашылығының барлық тұтынушы ұйымдарына тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметтерін еш кедергісіз жеткізіп, жүктелген міндеттерді тиісінше орындап, облысымыздың қарқынды дамуына ықпал етуде.
Әркімнің жұмысы — баға жетпес үлес.

Алдағы уақытта да Сіздер халықтың өміріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Жамбыл облысындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда белсенді атсалысатындарыңызға сенімдімін!