16 қазан — Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні

78
Бұл күн кездейсоқ таңдалған күн емес – дәл 1846 жылы 16 қазанда Америка Құрама Штаттарында тіс дәрігері В.Мортон алғаш рет хирургиялық араласу үшін эфирлік наркозды қолданған. Тіс дәрігерінің экспериментінің арқасында анестезия кең таралды және бұл күнді медицинаның маңызды салаларының дәрігерлері күні ретінде атала бастады. Осылайша, барлық елдердің дәрігерлері операция кезінде пациенттерді қатты ауырсынудан құтқарудың жолын тапқан дәрігерге алғысын білдірген.
Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер — көленкелі майданның жауынгерлері.
Адам жаны үшін арпалысып, өмірін арашалау — олар үшін күнделікті шаруа. Анестезиолог-реаниматолог дәрігердің жұмысы қиын оталарды жасау кезінде аса үлкен маңызға ие.
Сонымен қатар, бұл мамандардың жұмысы тек наркоз енгізіп, ауырсынуды басу ғана емес, жедел жағдайда реанимациялық жұмыстар жүргізу де солардың міндетінде.
Құрметті анестезиолог-реаниматолог мамандар!
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге мол кәсіби жеңіс, қисапсыз жетістік тілейміз, отандық анестезиология дами берсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.