Жамбыл ауданында егін орағы басталды

1 201

Биыл Жамбыл облысының диқандары астық өсіруде озық технологияларды қолданудың арқасында мол өнімге алуға ниетті. Аймақта әртүрлі дақылдар үшін 600 мың гектар егіс алқабы бөлінген. Оның ішінде бидай мен арпа үшін 290 мың гектар қарастырылған. Ал, өңірде алғаш болып астыққа орақ түскен аймақ Жамбыл ауданы болды.

Биылғы егін бітік шыққан. Диқандар әр гектардан 38 центнерге дейін астық орып, жинап алып жатыр. Ақбастау ауылдың округіне қарасты «Абсатар» , «Еркенұр» шаруа қожалықтары мен «Қызыл диқан» өндірістік кооперативінің жұмыстары жемісті.  Осыған орай аудан әкімі егіс алқабындағы диқандармен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.

Аудан бойынша күздік бидай — 3400 гектар болса, жаздық арпа —  7895 гектарға себілген. Биылғы ауа райы дәл осы дәнді дақылдарға қолайлы болыпты. Бітік шыққан арпа бидай күн  ысыған соң, тез піскен. Сапасы да жамана емес.

Рас, агросалада техника тапшылығы бар. Дегенмен, шаруалар жыл санап оны да жаңартып келеді.

Ертелі-кеш еңбектеніп жатқан диқандарға техниканың жаңа болғаны үлкен көмек. Жаңа техниканың тиімділігі 12 сағатта 30 гектар жер орады. Мұның  пайдасы ескі комбайндарға қарағанда жылдам жүреді, әрі бидай таза орылады.

Осылайша дихандар қамбаны астыққа толтыруға ниетті. Егін орағы  шілденің  соңына дейін жалғасады деп күтілуде.

JAMBYL TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.