15 жастағы Зара Дәркен алғаш рет WTA 250 турнирінде ойнайды

114

Қазақстандық 15 жастағы теннисші Зара Дәркен алғаш рет WTA 250 турнирінде ойнайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Зара Дәркен Италияның Палермо қаласында өтетін жарыстың іріктеу сайысына қатысады.

Турнир ұйымдастырушыларынан арнайы шақырту (wild card) алған, ITF жасөспірімдер рейтингісінде 824-орында тұрған қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының алғашқы айналымында әлемнің 316-ракеткасы, нидерландылық Ева Веддермен шеберлік таластырады.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жүлде қоры 259 мың АҚШ долларына бағаланған Палермо WTA 250 додасы 17-23 шілде аралығында өтеді.

https://turkystan.kz/article/227893-15-zhastagy-zara-derken-algash-ret-wta-250-turnirinde-oynaydy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.