15 жасар қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

172

Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Таушық ауылының тумасы Біржан Қабидолла чемпион атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлем чемпионатында 65 мемлекеттен келген 1500 спортшы бақ сынаған. 15 жастағы Біржан Қабидолла 42 келі салмақта сынға түсті.

«Біржан Қабидолла алғашқы кездесулерінде Италия және Румыния елінің спортшыларынан басым түсті. Ал финалда Германия елінің спортшысын жеңді. Біржан өткен жылы осы неміс спортшымен кездесуінде ақтық сында есе жіберіп «күміс» алса, биыл дайындықты шыңдап алтыннан алқа тақты», деді бапкері Азамат Абаев.

Чемпионатқа Маңғыстаудан 10 спортшы барған.

29 қазан күні басталған жарыс 8 қарашаға дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.