15 наурыз – Қайырымдылық күні

32

Қайырымдылық күнінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғам бірлігін, өзара көмек көрсету дәстүрін жаңғыртуға бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға болады

 м5Қайырымдылыққа арналған Наурызнаманың екінші күні мейірімділікті еске түсіріп қана қоймай, өзара көмек өмірдің шарты саналған Көшпенділер өркениетінің ежелгі қағидаттарын қайта жаңғыртуға және қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін нығайтуға үндейді.

Наурызнама аясында Қайырымдылық күнін атап өту – Ұлы Даланың көне дәстүрлерін бүгінге жалғау. Бұл күннің философиясы нағыз жаңару – жақыныңа жәрдемдесуден, көршіге жылы қабақ танытудан, адамға жанашыр болудан басталатынын еске салады. Оның негізінде көшпенді халыққа даланың қатал жағдайында аман қалуға, бірлікте болуға көмектескен, ғасырлар бойы қалыптасқан қонақжайлылық пен өзара көмек принциптері жатыр.

Бұл күні әр адам нағыз байлық материалдық құндылықтармен емес, жомарттықпен, мейірімділікпен, жанашырлықпен өлшенетінін түйсінеді. Қайырымдылық жасау жан-дүниені өзімшілдіктен тазартып, жүректі мейірімге толтыруға, өткенді артта қалдырып, алдағы жаңа мүмкіндіктерге ұмтылуға жол ашады.

Бұл күн халықтың тарихи өзегіне меңзейді: қазақтар ежелден «жылу» жинап, мұқтаж жанға жүйелі түрде көмектесіп келген. Ұлы Далада «жылу» тіпті қоғамдық міндет іспеттес болған. Көшпелі қауым «Бір қауымның қамы – бәрінің қамы» деген қағиданы ұстанып, малынан айырылған отбасыларды қолдап, пана беріп, қаражат берген.

Сонымен қатар, «Асар» дәстүрі – қазақ халқының ертеден келе жатқан ғұрыптарының бірі, яғни, адамдар жиналып, бір адамның немесе бір отбасының қолынан келмейтін жұмысты шын ықыласпен тегін атқарып беретін. Қатысушылар өздерінің көмегі үшін ақы талап етпейді. Асар жасауға себеп болатын шаруа түрі көп: үй салу, егін жинау, отын дайындау, мал айдау, сондай-ақ той қамына дайындық немесе жерлеуді ұйымдастыру. «Асар» қазақ қоғамы өмірінің маңызды бөлігіне айнлады, отбасылық және тату көршілік байланыстарды нығайтуға көмектесті. Бұл дәстүр кең далада әр түрлі жағдайда  аман қалуға сеп болды, сонымен қатар бірлік, мейірімділік пен қоғам алдындағы жауапкершілікке баулыды.

Бұл күні өзара көмек пен игі істерге баса мән беріліп, қазақстандықтар өздерінің ынтымағын қайырымдылық арқылы, сонымен қатар, бірегей мәдени дәстүрлерді сақтау арқылы көрсетеді. 2024 жылы Қазақстанның Рекордтар кітабына енген Жетісу өңірінде 50 балаға арналған «тұсау кесу» салтының орындалуы осының айғағы.

Қайырымдылық күнінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғам бірлігін, өзара көмек көрсету дәстүрін жаңғыртуға бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға болады.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/257267-15-nauryz-kaiyrymdylyk-kuni

Leave A Reply

Your email address will not be published.