15 наурыз – бүкіләлемдік тұтынушылардың құқығын қорғау күні

159
Ол алғаш рет 1983 жылы 15 наурызда аталып өтті. Бұл мейрам – АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің 1961 жылы 15 наурызда Конгресте тұтынушылардың құқығы жайында сөйлеген сөзімен байланысты.
Онда Кеннеди тұтынушылар қатарына барлық адам жатынын айтып, тұтынушылардың ақпарат алу, қауіпсіздік, таңдау және хабардар болу құқығына ие екенін жария етті. Кейін мереке кәсіби ортада және қарапайым халық тарапынан қолдау тауып, жыл сайын белгілі бір тақырыпта салтанатты жиындар ұйымдастырыла бастады.
Тақырыпты бүкіләлемдік тұтынушылар одағының ұйымы бекітеді.

Талас ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.