Ауданымызда халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «109 Janatas» бірыңғай байланыс желісі іске қосылды.![]()

«109» қызметі бұрын тек Жамбыл облысы орталығында жұмыс жасап келген, ендігі кезекте бұл жүйе ауданымызды да қамтитын болады. Орталықта 10 қызметкер жұмыс жасап, түрғындар үшін қызмет атқарады.![]()

Тұрғындар жалпы түрғын-ұй коммуналдық жүйесіндегі апаттық жағдайлар орын алған кезде байланыс орталығына, яғни, 109 нөмеріне хабарласу арқылы, өздерінің тұрмыстық өтініштерін жеткізе алады.

Іс-шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, орталықтың ашылуымен құттықтады.
«Орталық арқылы тұрғындардың жергілікті органдарға жеке келуін қысқарту, өтінішке жауап беру уақытын қысқарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, әр өтініш жүктеліп, ашық орындалатын болады. Баршаңызды жаңа орталықтың ашылуымен құттықтаймын, орталық ел игілігіне қызмет ете берсін!» — деп ізгі тілектерін жеткізді.