Дәстүрге айналған тал егу акциясына Жамбылдық жастар белсенді қатысып келеді. Көктем және күз айларында өтетін акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру, яғни жасыл желекке айналдыру. Осындай мақсатта ағымдағы жылдың 2 қазан күні «Денсаулық» мәдениет және демалыс саябағында 100 түп ағаш отырғызылды. Акциясы өңіріміздің барлық аудандарында ұйымдастырылып, облыстық акцияның жүйелі өтуіне ат салысты.
Тазалық іс-шарасына қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар, Жастар орталығы қызметкерлері 50-ге жуық белсенді жас қатысты.
Сондай-ақ акция барысында 5 мөлтек ауданын қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтарын шығару және тазалық жұмыстары жүргізілді. Cенбілік акциясы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды.