«10 есе өзгердім»: Ақерке Бүркітбай ана болғаннан кейінгі өміріндегі өзгерісті айтты

84

2020 жылы ол әнші Әли Оқаповқа тұрмысқа шыққан болатын.

“Қалай? Қай жағынан? Ана атанғалы менде әрбір эмоция 10 есеге өсті.
Қуаныш, уайым, таңғалу, мақтан тұту, шкі сезім, мотивация, өмірге деген құлшыныс еселенгені ерекше сезіледі. Ана болу – керемет сезім. Бүгін Зейін батырымыз 9 айға толды. Тәтті қылықтары шығып, бізді қуантуда. Өзі отырып, балдай тәтті тілі былдырлап шығып та келе жатыр. Сонымен қатар балапанымыздың 4-ші тісі шығып келе жатыр. Жалпы, саяхаттау туралы, бала күтімі жайлы, баланы дұрыс тамақтандыру жайлы түрлі тақырыпта жүректен шыққан ерекше сезімдеріммен және аз да болса тәжірибеммен жиі бөліссем деймін. Ол үшін Сіздердің тараптарыңыздан маған кері байланыс болса болғаны”, – деп оқырмандарын белсенді болуға шақырды.

Айта кетейік қобызшы бұған дейін босану процесін айтып берген болатын. Жары Әли де ең маңызды сәтте жанынан табылған көрінеді.

«Толғақ басталып, босанатын уақыт жақындағанда Әлиді палатаға жібергенмін. Бұл кезде Әли қасымда болады деген ой болған жоқ. Толғақ кезінде көмектескені жақсы шешім болды. Дәрігердің айтқанын жасаймын, бірақ ештеңе дұрыс шықпайды. Сол кезде дәрігер: «Әлиді шақырыңдар» деді. «Ол толғақ кезінде көмектесті. Қазір ол Әлиді тыңдайды», – деді. Кейін Әли келді. Ол дәрігердің айтқанын маған адами тілмен түсіндіріп отырды. Төбе жағымда тұрды. Ол бәрін мен үшін түсінікті тілмен айта бастады. Әли ғана маған қазақша түсіндіріп тұр да, қалғандары шетел тілінде сөйлеген сияқты сезілді. Содан кейін баламыз дүниеге келді», – дейді Ақерке Бүркітбай.

Еске салсақ, халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні енесінің ел білмейтін құпиясын айтқанын жазған болатынбыз. 

https://stan.kz/aua-rayi-minezime-shidam-sara-toktamisova-algash-ret-zholdasi-turali-aytti-391305/

Leave A Reply

Your email address will not be published.