10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттарын көбейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, оқу бағдарламалары да жаңартылады. Мұғалімдерге қосымша курстар ұйымдастырылады. «STEM» білім беру тәсілдеріне негізделген жаратылыстану-математика пәндерін оқытуды күшейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жоғары сыныптарда ағылшын тілін үйренуге, нақтырақ айтқанда, 10-11 сыныптардағы ағылшын тілі сағатын көбейтуге, бағдарламаларды жаңартуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға баса мән беріледі. 2024 жылдан бастап «CEFR» бойынша 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын ұлғайту мен қазақ және орыс тілдерін меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету шаралары қабылданады», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.