Жол сапасын бақылау – жауапты іс

14

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» тас жолдардың сапасын бақылаумен қатар, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомствалық сараптама жүргізуді де іске асырады. Бұдан бөлек, мамандар жолдардың көліктік және пайдалану жағдайын анықтау шаралары жүргізеді. Дәлірек айтқанда, диагностиканы жүзеге асыру шеңберінде жолдардың көліктік-пайдалану жағдайы туралы мәліметтер базасын қалыптастыру арқылы жаңарту сатысында пайдалануға жарамдылық қасиеттерін анықтау үшін жолға аспаптық сараптама жұмыстары жүргізіледі. Ал олардың сипаттамалары талаптарға сәйкес келетіндігін анықтау үшін жолдарды үнемі тексеру қажет.

Аталған кәсіпорынның облыстық филиалы сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимовтың айтуынша, республикалық желі бойынша 333 километр жолға аспаптық бақылау жүргізіліп, қорытынды есебі тапсырыс берушіге жіберілген.

– Қызметтің екінші түрі – жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған құжаттамасына ведомстволық сараптама жүргізу. 8 айда 31 жобаға өтінім қабылданып, 23 жоба оң қорытынды алды қалған жобалар сараптама өтуде. Қызметтің үшінші түрі – автомобиль жолдарының диагностикасы – жол және жол құрылыстарының құрылымдық элементтерінің параметрлері мен жай-күйі, қозғалыс ағындарының сипаттамалары туралы ақпаратты тексеру, жинау және талдау, қажет болған жағдайда жөндеу шараларына қажеттілікті анықтайтын басқа да мәліметтер, сонымен қатар жолдағы жағдайды бағалау және болжау, одан әрі пайдалану. Диагностиканы жүзеге асыру шеңберінде жолдардың көліктік-пайдалану жағдайы туралы мәліметтер базасын қалыптастыру немесе жаңарту сатысында, пайдалануға жарамдылық қасиеттерін анықтау үшін жолға аспаптық сараптама жұмыстары жүргізіледі. Олардың сипаттамалары талаптарға сәйкес келетіндігін анықтау үшін жолдарды үнемі тексеру қажет, – деді Мадияр Айбынұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.