ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

182

Биыл төртінші жыл қатарынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен қызметте үлгілі нәтижелерге қол жеткізген ауыл әкімдерін анықтау және жергілікті өзін-өзі басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін кеңінен тарату мақсатында Республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсы өткізілді. Аталған конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден аса ауыл әкімдері қатысқан.

Респулкалық комиссияның шешімімен Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі ЕЛЕМЕСОВА КҮЛЖАХАН АЛМАСҚЫЗЫ конкурстың бас жүлдесін иеленіп, 2023 жылдың «Үздік ауыл әкімі» атанды.

Күлжахан Алмасқызы ауыл әкімі лауазымында 2018 жылдан бері қызмет атқарып келеді және өз қызметі жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізе білді. Атап айтқанда, оның басшылығымен Қарасай ауылдық округінің 118 гектар жер теліміне интенсивті суару жүйесімен алма бағын өсіруге қомақты инвестиция тартылып, спорт-сауықтыру орталығын салу, мектеп пен жолдарды жөндеу сияқты бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды.

Конкурс жеңімпаздары Агенттікте «23 маусым — Мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиында марапатталған болатын.

 

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен үздік ауыл әкімі Күлжахан Алмасқызының қатысуымен жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, кездесуге өңірдегі мемлекеттік қызмет ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері арнайы шақырылып, қатыстырылды.

Кездесу барысында спикерлер бейіндік саланы дамытуға қатысты өз көзқарастарымен бөлісе отырып, өткен жылдардағы мол тәжірибелері негізінде жұмыстың тиімді нысандары мен әдістеріне қатысты ұсынымдарымен бөлісті.

Іс-шара өңірде мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтере отырып, жас мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет атқару жолында тиісті бағыт-бағдар беруге бағытталған.

 

ҚР МҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.