Үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативтерін тарату, мүлік иелері бірлестігін (ОСИ) тіркеу

245

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңмен (бұдан әрі — Заң) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес кондоминиум иелері мүлік иелері бірлестігінің немесе көппәтерлі үйдің жай серіктестігінің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанын таңдауға міндеттелді.

Бұл ретте аумақтық әділет органдары «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның       6-бабына сәйкес, мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.

Мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін: жиналыс хаттамасы; мүлік иелері бірлестігінің Жарғысы; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.

Заңның 2-бабының 5-тармағына сәйкес тіркелген және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтері 2022 жылғы 1 шілдеге дейін:

— көп пәтерлі тұрғын үйді салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжаттарды қабылдау-беру актісі бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің Кеңесіне беруге,

— қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 16-бабына сәйкес, тарату негiзi бойынша үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтері қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін:

1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;

2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не бұған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi ұсынылады. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;

3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

4) заңды тұлғаның мөрiн (ол болған кезде) жою туралы құжат;

5) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Ж. Досмырзаева

Жамбыл облысы Әділет  департаментінің тіркеу қызметі  саласындағы

әдістемелік  қаматамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.