Үсік, жоғары өрт қаупі: 15 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

107

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын болады, елдің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел тұрады. Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

https://turkystan.kz/article/234894-sik-zho-ary-rt-aupi-15-azan-a-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy-zhariyalandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.