«Үш ұйықтасам түсіме кірмеген»: Алматылық азамат лотереядан билет алып, 10 млн теңге ұтып алды

81

Алматы қаласында сауда өкілі болып жұмыс істейтін Рашид бір жылдан астам уақыт бұрын лотерея билеттерін сатып ала бастаған. Бастапқыда лотереядан ұтуға қатысты сенімі мол болмағанымен, мұны уақытты көңілді өткізудің бір жолы деп балаған. Алайда бірнеше ай бұрын 250 мың теңге ұтып алғаннан кейін ойынға деген сенімі артып, лотерея билеттерін тұрақты түрде сатып ала бастаған.

«Осы кезге дейін лотерея ойынына шамамен 35-40 мың теңге жұмсаған шығармын. Билеттерді әртүрлі жерлерден алып тұрамын. Осыған дейін 250 мың теңге ұтып алып едім. Бірақ 10 млн теңге ұтып аламын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген», – дейді жеңімпаз.

Рашид футбол ойнағанды жақсы көретінін айтады. Өзі 10 млн теңге ұтып алған күні де жұмыспен футбол арасында қатты шаршап ұйықтап кетіпті. Ал жеңісі туралы телефонына хабарлама келгенде бір-ақ білген.

«Мен негізі ұйықтап жатқанмын. Телефоныма “ұтысты алып кетіңіз” деген хабарлама келді. Басында сенбедім, кіріп тексеріп көрейін дедім. 10 млн теңге деп жазылып тұр екен. Түсінбей қалдым. Бір сөзбен айтқанда, шок болдым», – дейді Рашид.

Ол қуанышты жаңалықты ең алдымен жұбайымен бөліскенді жөн көрген.

«Жұбайыма айттым, ол да сенбеді, сосын жылап жіберді. Өзі бүгін менімен бірге келіп, ұтысты алғысы келген, бірақ жұмыста болып қалды», – дейді жеңімпаз.

Ол жұбайымен ақылдасып, ұтысы туралы өзге адамдарға айтпаған екен. Ұтысты қолына алғаннан кейін автокөлік алғысы келетінін айтады.

«Ұтқан ұтысыма қарыздарымды жауып, автокөлік аламын. Қазір үйім бар, көлігім жоқ», – дейді жеңімпаз.

Ол өзінің лотерея ойындарына деген сенімі арта түскенін айтады. Тіпті алдағы уақытта болатын ойындарға да қатысатынын жеткізді.

«Осы жылы болатын “Бинго тойға” қатысамын. Барлық лотерея ойнайтын жандарға сәттілік тілеймін. Өз басым сенбеген едім. Бірақ шын мәнінде ұтыс алуға болады екеніне көзім жетті», – дейді ол.

“Бинго тойға” қатысып, жаңажылдық сыйлық ұтып алуға сіздің де мүмкіндігіңіз бар. Себебі Жаңа жыл жеңістер уақыты! Жаңа пәтерге көшіп немесе автокөлік ұтып алуды армандап жүрсіз бе? Әлде 500 млн теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтан өз үлесіңізді алғыңыз келе ме? Ендеше, желтоқсан айында билет алып, 2 пәтер, 3 автокөлік пен қомақты қаржылай сыйлықтың ұтысына қатысыңыз. Бұл сіздің отбасыңыз бен өзіңіз жасайтын ең тамаша жаңа жылдық сыйлығыңыз болмақ.

https://stan.kz/kuanishti-zhanalikti-birinshi-kezekte-kelinshegime-aytt-393131/

Leave A Reply

Your email address will not be published.