Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында үш ауысымдағы мектептер мәселесіне нүкте қоюды тапсырды.
«Бізде мектептер тапшылығы бар, сонымен қатар үш ауысымдағы мектеп жойылған жоқ. Сондықтан 2019-2021 жылдары осы жұмыстарға қосымша 50 млрд теңге бөлінеді. Атап айтқанда, үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешіңіздер», — деді Елбасы Үкімет мүшелеріне қарата айтқан сөзінде.
Осы орайда Президент мектеп құрылысын ең қажетті деген елді мекендерде салу керектігін қадап айтты.