Үлкен қалаларда түнде автобус жүруі мүмкін

67
Үлкен қалаларда түнде автобус жүруі мүмкін
сурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/262088-ulken-qalalarda-tunde-avtobus-zurui-mumkin

Еліміздің барлық үлкен қаласында әуежайлар мен қаланың орталықтары арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарда бар, деп хабарлайды turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтің мәліметінше, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов түнгі уақытта заңсыз такси қызметтерінің кең таралғанын және бұл жолаушылар үшін қауіп төндіретінін атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта түнгі мезгілде әуежай мен қала орталығы арасында қоғамдық көлік қатынасы жоқ, бұл туристерге қолайсыздық туғызып отыр.

Министр түнгі уақытта жолаушылардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы экспресс-маршруттар енгізуді ұсынды.

«Халықаралық әуежайларда заңды такси, қонақ үйлер, электрондық SIM-карталар мен туристік нысандар туралы ақпаратты қамтитын QR-код жүйесі енгізілді. Өңір әкімдіктеріне бақылауды күшейту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қажет болған жағдайда құқық бұзғандардың жауапкершілігін күшейту шараларын қабылдау ұсынылды», деп хабарлады Үкімет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.