«Зорлық-зомбылықсыз қоғам: әр азаматтың рөлі»

21

Бүгін Қордай ауданында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам: әр азаматтың рөлі» және «Заң мен тәртіп» қағидаларын түсіндіруге арналған ауқымды ақпараттық кездесулер өткізілді. Шара Сортөбе, Аухатты және Масаншы ауылдарында ұйымдастырылды.

Кездесуге Қордай ауданы ҚХА аналар кеңесінің төрайымы Қыпшақбаева Қ., сондай-ақ түрлі мемлекеттік құрылымдардың мамандары қатысып, ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасты.

Іс-шара барысында:
• Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы КММ директоры Бейсенбаева Ш.,
• орталықтың психологы Бердальева А.,
• Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі КММ «Аяла» орталығының психологы Құрманбекова М.
өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мамандар зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктері, құқықтық қорғау жолдары, дағдарыс орталықтарының қызметі туралы жан-жақты ақпарат берді. Тұрғындар сұрақтарын қойып, жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесулердің басты мақсаты — қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру, отбасындағы тәрбие мен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын күшейту. Шараға қатысқандар мұндай жұмыстардың маңызын атап өтіп, оның жалғаса беруіне қолдау білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.