Бүгін аудандық мәдениет үйінде Республика күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Жалғас Мұртаза барша тұрғындарды еліміздің рухын асқақтатқан, басты құндылықтарымыз – ынтымақ- бірлігімізді арттырған айшықты мерекемен құттықтады.![]()

Мерекелік жиында түрлі салада қызмет атқарған бірқатар азаматқа «Құрметті азамат» пен «Құрметті ардагер» атағы беріліп, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.![]()

Кеш қонақтары патриоттық бағыттағы көріністерді тамашалап, өнерпаздар ұлттық рухымызды асқақтататын әуендер шеруін тарту етті.