Жемқорлық туралы ақпарат берген адам қанша сыйлықақы алады?

448

Ақмолалықтардың 74 пайызы сыбайлас жемқорлықты жария етуге дайын.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындары арасында адалдылық тақырыбында анонимді түрде онлайн саулнама жүргізді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, сауалнама қорытындысына сәйкес ақмолалықтардың 74 пайызы сыбайлас жемқорлықты жария етуге дайын екені анықталды.

«Ал 77 пайыз адам «Өз мәселеңді шешу үшін пара беруге дайынсыз ба?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап берді. «Сыйбайлас жемқорлықтың кугері болған кезде хабарлауға дайынсыз ба?» деген сауалға келетін болсақ, ақмолалықтардың 74 пайызы сыйбайлас жемқорлықты жария етуге дайын екені анықталды. Қалған 7 пайызы «жоқ», 19 пайызы «қалыс қалды. Жалпы, сауалнамаға 477 респондент қатысты. Сауалнама соңында сыйбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша түсіндіру шаралары қолға алынды. Сондай-ақ, сыйбайлас жемқорлық туралы ақпарат берген азаматтарға көтермелеу сыйлықақысы қарастырылып отырғандығы айтылды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу біржолғы ақшалай сыйлықақы көлемі мен төлеу тәртібі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Біржолғы ақшалай сыйлықақы көлемі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша — 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі — АЕК), онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 70 АЕК, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 100 АЕК түрінде бекітілген.

Осыған байланысты, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тұрғындарға белсенділік танытып, оған қатысты ақпаратты 1424 телефон нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуды сұрайды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.