Биылғы қажылық сапардың шығындары қанша?

500

Биыл Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі Қазақстан үшін 3000 адамға квота бөлді.

«ҚМДБ Қажылық миссиясы аталған компаниялардың қызмет көрсету сапасын жіті бақылайтын болады. Қажылық парызын өтеуге ниет білдірген отандастар арасында 16-дан 89 жасқа дейінгі азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-анасымен бірге жүретін болады. Биылғы жылдың ерекшелігі — қажылардың киім үлгісі бірдей болмақ», -деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан Есмахан.

Биылғы қажылық сапар шығыны бір адамға 4-5 мың АҚШ долларын құрайды. Қасиетті орындарға Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан авиарейстер жүзеге асырылады.

Қазақстандық қажыларға ҚМДБ Қажылық комиссиясының шешімімен қызмет көрсетуге лайықты деп танылған 18 компания қызмет көрсетеді. Олардың алғашқы легі 8-9 тамызда аттанып, 1 қыркүйекке дейін елге оралады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.