Жеке қабылдау өткізді

753

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Миржан Смағұлов сотталған 12 азаматты жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
ЖД-158/4 түзету мекемесінде өткен жиынға ҚР азаптауды алдын алу жөніндегі ұлттық тетігінің басшысы Ғабит Айтенов, «Насиров и КО» заңгерлік компанияның басшысы Гусейнали Насиров және аталған департамент бастығының орынбасарлары Абылайхан Ильясов, Бағлан Жапашова, Дмитрий Иванюк сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында ауыр және аса ауыр қылмыс жасап, бүгінде темір торға тоғытылған жазасын өтеушілер көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Олардың көпшілігі шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі қолдау хатын сот қанағаттандырмағанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, жиында сотталған азаматтардың үкім бойынша жазасын жеңілдету, түзету мекемесіндегі тұрмыстық және жуыну бөлмелерінің жағдайы сонымен қатар А есімді Қырғызстан Республикасының азаматының өтініші бойынша өз еліне қайтару мәселесі де назарға алынды.
Басқосу соңында департамент бастығы Миржан Нұрмұхамедұлы жазасын өтеушілердің өтініші бойынша оларға заң шеңберінде көмек көрсетілетінін атап өтті.

ЖД-158/4 мекемесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.