Жазасын өтеушілер біліктілік сертификатына ие болды

351

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар «Кәсіби даму және карьера» орталығында қашықтықтан білім алды. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдық база ерекше режимдегі түзеу мекемесіне лайықты түрде жабдықталды. Жазасын өтеушілер заманауи техника мен жаңашылдықтарды меңгеру мақсатында «Көлік, көлік техникасы және технологиясы, машиналар мен механизмдер теориясы», «Құрылыс материалдары» мамандықтарын 3 ай мерзімде оқып шығып, біліктіліктерін жетілдіріп, шеберліктерін шыңдады.

Айта кетейік, сотталғандар ЕСТS 5 бағдарламасын 135 сағатта меңгерді, бірақ ол үшін қазынадан қаржы жұмсалған жоқ. Барлық төлем қылмыстылардың өз есебінен жүргізілді. Білім қоржынын толтырып, кәсіби біліктілікті арттыру жазасын өтеушілерге оңайға түспеді, ал оқытушылар көп тер төкті. Осындай жобалар мен іс-шаралар сотталғандардың болашағына нық сеніммен қарауына септігін тигізсе, басқа сотталғандарға үлгі болып, түзелу жолына түсуге ынталандырады.

Ұйымдастырушылар тарапынан атаулы жобаны алдағы уақытта жүйелі түрде жүзеге асыру жоспарлануда.

Дилшот Нажмединов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/5 мекемесі басшысының кезекші көмекшісі, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.