Жазасын өтеушілердің білім алуына барынша жағдай жасалады

375

Сотталғандардың қоғамға бейімделуінде олардың жұмысқа орналасуы үлкен рөл атқарады. Әрине, кез келген жұмыс беруші ең әуелі маманның білімі мен біліктілігіне баса назар аударатыны белгілі. Бұл тұрғыда жазасын өтеп шыққан азаматтардың алдынан еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты игермеуі мәселесі шығады. Мұндай жағдайды болдырмау мақсатында түзеу мекемелерінде сотталғандардың техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру шаралары жүргізіледі.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде «Түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру жағдайы» тақырыбында жиын өтті. Басқосуда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абылай Ильясов төрағалық етті.

Жазасын өтеушілердің білім алуына барынша қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылған жиынға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, ЖД -158/2, ЖД-158/4, ЖД-158/7 мекемелері бастықтарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тәрбие бөлімінің бастықтары мен жасақ бастықтары қатысты.

Басқосудың күнтәртібінде «Түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру жағдайы» көтеріліп, бұл тақырып бойынша Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті САПжӘПЖ бөлімінің маманы, әділет майоры Әлібек Алдияров баяндама жасады. Сондай-ақ, №15 кәсіптік-техникалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әсемкамал Абілдаев аталған мәселеге қатысты өз ойымен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандыратын жайттарға қатысты сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.