Жас қызметкерлермен жүйелі жұмыстар жүргізілуде

330

ЖД 158/2 мекемесінде лауазымға тағайындалған жас қызметкерлермен жұмыс ҚР ІІМ-нің 28.01.2014 жылғы №44 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының полиция құрылымдары туралы Ережесінің 5,6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 987 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ҚР ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік тәлімгердің (жеке үлгі көрсетуі арқылы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамын тәрбиелеудегі, олардың кәсіби сапасын арттырудағы маңызды нысандардың бірі болып табылады. ІІО-ғы тәлімгерліктің мақсаты қызметкерлерге олардың кәсіби қалыптасуына көмек көрсету, қамқорлыққа алынған жас маманның атқаратын лауазымы бойынша белсенді, еңбек сүйгіш, шығармашылыққа бейім, білікті маман ретінде қалыптасу процесін жеделдету, қамқорлыққа алынған жас маманды Қазақстан Республикасына жан-тәнімен берілу рухында, патриотизмге, тәртіптілікке, жауапкершілікке, бастамашылдыққа және жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу болып табылады.

Тәлімгерліктің негізгі міндеттері болып қызметкерлерді ІІО-ғы қызметке бейімдеу және қызметтік ұжымдарда бекіту, ІІО қызметкерінің кәсіби қалыптасу процесін жеделдету және атқарып отырған лауазымы бойынша оған жүктелген жедел-қызметтік міндеттерді дербес және сапалы орындау қабілетін дамыту, қызметкердің ІІО қызметкерінің Антына адалдығын, Ар-намыс кодексінің нормаларын айқын орындауын, таңдап алған мамандығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, қамқорлыққа алынған жас маманның қызметтік  ұжымның үздік дәстүрлерін игеруі, олардың бойында адам мен азаматтың құқықтары мен абыройын құрметтеуге, адалдыққа, қырағылыққа, ерлікке, азаматтық және құқықтық белсенділікке, қызметтік міндеттерін адал орындауға саналы және шығармашылық қатынастарға тәрбиелеу, жас маманның жеке басын қалыптастыру, олардың бойында отан сүйгіштігін, идеялық сенімділігін тәрбиелеу, полиция қызметіндегі моральдық-психологиялық тұрақтылығын, тәртіптілігі мен заңды қатаң сақтауға тәрбиелеу болып табылады.

А. Даулеткулов

ЖД-158/2 мекемесі САПӘПЖ бөлмінің бастығы,

әділет майоры                                                                         

Leave A Reply

Your email address will not be published.