Жазасын өтеушілер Жеңіс күнін атап өтті

374

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері сотталғандармен ҚР Ішкі істер министрлігінің «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысын жүзеге асыруда. Ал бұл жұмыстардың барлығы сайып келгенде жазасын өтеушілердің адамгершілік тәрбиесін, салауатты өмір салтын арттырып, моральдық-этикалық түсінікті қалыптастыру болып табылады.

«Ұлы Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында аталған мекемеде кәмелет жасқа толмаған тергеудегі тұлғалардың арасында мәдени іс-шара өтті. Мекеме клубында өткен салтанатты шара барысында тергеу изоляторының басшы құрамы сотталғандар мен айыпталушыларды мерекемен құттықтап, концерттік бағдарлама алдында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Бұдан кейін, жиналған көпшілікке Ұлы Отан Соғысының тарихынан  сыр шертер қысқаша мағлұмат оқылды. Сонан соғ, жазасын өтеушілер өздері дайындаған өлең шумақтарын оқыды. Атап айтқанда, сотталған Ж.Т. Орданов «Подряд уходят ветераны», сотталған Э.Р. Миндибаева «Ветеранам Великой Отечественной Войны посвящается» атты өлеңдерінді тебірене оқып берді. «Священная война», «Смуглянка», «Нужна одна победа» әндер шырқалғанда жиналған көпшілік жанарларына жас алды. Концерттің соңғы бөлігінде көрсетілген «Ұлы Соғысындағы өлмеген махаббат» атты қызық, әрі лирикалық көрініс көрермендерді тәнті етті.

Бұдан бөлек, «Ұлы Отан Соғыс» атты тақырыбында мекемеде ұсталып отырған кәмелет жасқа толмаған Р.С. Цуцаев және О.Григоренко арасында «Үздік қабырға газеті» конкурсы өтті. Аталған конкурста Р.С. Цуцаевтың «День Великой Победы» газеті үздік деп танылды.

А.С. Танашева,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД

ЖД 158/1 мекемесінің АКАТЖЖБ бастығы

әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.