Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде Жаңа жыл мерекесіне орай жазасын өтеушілер арасында мәдени-спорттық іс-шара өтті.
Сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен шарада жазасын өтеушілер шахматтан өзара мықтыларды анықтады.
Жарысқа қатысқан сотталғандар белсенділік танытып, жеңіс үшін бар күш-жігерлерін салды. Әрбір ойын ерекше бәсекеге толы болып, жарыс барысындағы достық пен ынтымақтастық атмосферасы сезілді.
Жеңімпаз және жүлдегер атанғандар мекеме басшылығы тарапынан марапатталды. Мұндай шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың физикалық және психологиялық жағдайларын жақсартуға ықпал етеді.
Бұдан бөлек, осы күні сотталғандар қабырға газеттерін дайындап, мерекелік көңіл күйдің орнауына үлес қосты.
