Жастарға арналған «Қабілет» орталығы ашылды

290

Бүгін Тараз қаласында жастарға арналған «Қабілет» орталығы ашылды. Орталық екі үлкен залдан тұрады. Бірі – «Жастарға қызмет көрсету орталығы» болса, екіншісі волонтер жылы аясында ашылған «Асыл мұра» фронт-офисі.

«Жастарға қызмет көрсету орталығы» жастардың жаңа идеялары мен жобаларына қолдау көрсеттеді және түрлі мәселелері бойынша көмек береді. Жастардың әрі демалатын, әрі білімін жетілдіретін, әрі пікір алысатын, оларды жан-жақты қолдауға барлық мүмкіндіктер жасайтын ортақ шаңырақтары болады.

Жалпы, Жастарға қызмет көрсету орталығы бірнеше бағытта қызмет көрсететін болады. Атап айтқанда, «Қолжетімді тұрғын үй», «Серпін-2050», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша жастар арасында түсіндіру-насихаттау бағытында жұмыс жүргізіледі. Ол үшін жастар саясаты мәселелері басқармасы жиырма екі мемлекеттік органмен меморандумға тұрып, аранйы мамандар жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша бағыт беретін болады. Орталық жыл соңына дейін 35 мың жасқа қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Орталықтық негізігі мақсатының бірі мемлекеттік бағдарламаларды жастарға дұрыс және жүйелі түсіндіру болып табылды. Мемлекеттік билікке азаматтардың сенімін арттырып, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүргізіледі. Орталық жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін істейді.

Сонымен қатар, «Қабілет» орталығында волонтер жылы аясындағы «Асыл мұра» фронт-офисі ашылды. «ASYL MURA» фронт-офисі – өңіріміздегі тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауда волонтерларды жұмылдыру және волонтерларға қолдау көрсететін әдіснамалық орталық болып табылады. Волонтерлар өңірімізде орналасқан қасиетті орындарға саяхат жасап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған зерттеу және жобалық жұмыстарын жүргізетін болады. Сонымен қатар бұл бағыт бойынша 1000 волонтерды кәсіби гид ретінде дайындалады.

«Қабілет» орталығы жастардың бос уақытын тиімді де пайдалы ұйымдастыру жұмысын үйлестіріп отырмақ. Оған ғимаратта атап өткен заманауи құрылғылар мен бөлмелерде барлық мүмкіндіктер бар. Мысалы, 60 адамдық жеке кабинет, кино көру залы және релакс зона бар. Облыс аумағында волонтерлық бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қызметі іске асырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.