Жастар арасында ХVІІ Дельфий ойындары өтті

51

Жамбыл облысында өнерлі жастарды қолдау және ел арасында таныту, оларды толерантты рухта тәрбиелеу мақсатында жастар арасында Дельфий ойындарының облыстық байқауы өткізілді.

Биыл ХVІІ  рет шымылдығын түрген бұл байқауды Жамбыл облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.

Дельфий ойындары — бұл ең алдымен өңірдің мәдени және ғылыми дәстүрлерін дәріптеуге, ерекше жарқын дарындарды табуға, біздің жастардың рухани байуына мүмкіндік туғызатын мәдени оқиға.

Биылғы жылы қатысушылар 9 номинация бойынша сынға түсті. Байқауға қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үлкен кіші топтпрға бөлінді. Олардың арасында халық аспабы домбыра, прима қобыз, фортепиано, баян, халық әндерін, эстрадалық әндерді орындау, халық биі, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер бар. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 200-ге жуық жас қатысып, бақтарын сынады.

Аталмыш ойындар жыл сайын аудандық жастар ресурстық орталықтарында да өткізіледі. Биыл мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жарыс аудандық ойындардан іріктеліп өткен жастар арасында өткізілді.

«Біздің облыста осындай ауқымды жобаның өткізілуі облыстың шығармашылық әлеуетінің дамуына және биік өнер арқылы жас буынға патриоттық тәрбие беруге, ұлттық мәдениетті, музыкалық дәстүрді сақтау мен дамытуға, мәдени мұраны молайтып, еліміздің халқы арасындағы мәдениаралық диалогын жүргізуге аса күшті түрткі болатынына сенеміз», — деп атап өтті орталық директоры Таутен Айбек Қанатұлы.

Жалпы алғанда бұл өнер байқауы қатысушылардың барлығына дерлік өнердегі жаңа биіктікті бағындыруға мұмкіндік береді. Мұндай өнер сайыстары жастардың талабын ұштап, талантың танытуға өз үлесін қосады.  Дәл осы Делфийлік ойындар талай талантардың жолын ашқан бақаулардың бірі. Осы бір өнер сайысына қатысқан таланттардың кейбірі бүгінгі таңда өнер кеңістігінде өз орнын тапқандығы көпшілікке мәлім.

Ұлттық рух пен шынайы кәсібилік турасында жарысқа түскен жастар түрлі өнер аталымдары бойынша облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.