Департамент басшылығы медициналық сала қызметкерлерін құттықтады

43

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні болып белгіленген. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы елеулі күнді ескеріп, медициналық сала қызметкерлеріне құрмет көрсетті. Жиында алғаш боп сөз алған департамент бастығының орынбасары Еркін Нұрбаев азаматтардың денсаулығын қорғауда талмай еңбек етіп, өздеріне жүктелген аса жауапты да қиын міндетті абыроймен атқарып келе жатқан ақ халатты абзал жандарға ыстық ықыласын білдірді.

— Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Барша жұрттың алғысы мен шынайы ықыласына, құрметіне бөлене беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ — береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін, — деген Еркін Үсенұлы өз ісінде үздік деп танылған бірқатар қызметкерлерге департамент бастығының грамотасын табыс етті.

Айта кетейік, бұл күні ЖД-158/1 мекеме медициналық бөлімінің бастығы әділет майоры Айжан Әлібекқызы Есалиева ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Ал, мерекелік жиын соңында медицина қызметкерлері айтулы күнді елеп-ескеріп, рухани демеу болған облыстық ҚАЖ департаменті басшысына өз ризашылықтарын білдірді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.