«Жаназасы оқылмай қояды»: Нұрлан имам мойнында қарызы бар жандарға үндеу жасады (ВИДЕО)

60
«Жаназасы оқылмай қояды»: Нұрлан имам мойнында қарызы бар жандарға үндеу жасады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот
https://turkystan.kz/article/261135-zanazasy-oqylmai-qoiady-nurlan-imam-moinynda-qaryzy-bar-zandarga-undeu-zasady-video

Елдордадағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы адам мойнындағы қарыз туралы айтып, қарызды қайтармай жүрген жандарға насихат айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы имам Instagram-дағы парақшасында айтты.

«Қайтыс болған адамның қарызын сол күні беру керек. Қарызды мойындарыңа алдыңдар ма, қайтарыңдар. Көп адамдар әкесінің, ағасының, бауырының жаназасында тұрғанда ел алдында масқара болмас үшін қарызын мен төлеймін деп мойнына алады. Сөйтіп мойнына алып алады да, қарызын төлемейді, не балаларын қақсатады, балаларын жылатады. Өлген бауырының баласын көшеде қаңғытып жібереді немесе дүниесіне, мирасына таласады.Қияметтің күнінде амалыңнан жұрдай боласың, бұл дүниеде абыройыңнан жұрдай боласың», —деді имам.

Имам қарыз мәселесіне келгенде мұқият болуға шақырды.

«Дүние тоқтаса, тоқтап қалсын, қарызды беріңіздер. Қарызсыз көше баспаңыздар. Бұл ең бірінші тұратын дүниенің бірі. Құрандағы ең ұзын сүре, аят қарыз турасында. Не үшін? Қарызды беру — парыз. «Жаназа оқылмай қояды» деп қорқытады. Не үшін? Дәрежесі сондай үлкен болғаны үшін. Біреуді алдап лақтырып кеткендер бар, бермей жүріп Меккеге баратындар бар, құдай сақтасын», — деді Нұрлам имам.

Leave A Reply

Your email address will not be published.