Жаңатаста облыстық жас ақындар айтысы өтті

566

Жаңатас қаласында халықаралық жастар күніне орай жас ақындардың облыстық айтысы өтті, — деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамыз – Халықаралық «Жастар күні» мерекесіне орай және Сарысу ауданына 90 жыл толуына байланысты, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастармен бірге жарқын болашаққа!» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. ҚР Мəдениет қайраткері, «Мəдениет майталманы» медалінің иегері Алтынкүл Қасымбекова, айтыскер ақындар Есет Досалы, Талғат Хұсайынов сынды бірқатар азаматтар қазылық еткен жастардың сөз сайысына облыс аудандарынан келген сегіз айтыскер қатысты.

Нәтижесінде, сөз барымтасында ұтымды ойды сүбелі сөзбен әспеттеген Жуалы ауданының жас ақыны Қанат Мырзахан бас жүлдені иеленді. 1 орынды Байзақ ауданының ақыны Дидар Басығараев олжалады. 2-3 орындарды меркілік Мейіржан Жекебаев пен Жамбыл ауданының ару ақыны Шапағат Сәбитқызы өзара бөлісті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.