ЖАҢА КОНТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ МЕМЛЕКТТІК ИНСТИТУТТАРЫМЫЗДЫ КҮШЕЙТЕ ТҮСЕДІ

29
Жарияланған жаңа Конституция жобасының Преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланып, оның бүкіл мәтінінде көрініс тапқан.
«Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» бөлімінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Қазақстан тарапынан ратификацияланған халықаралық пактілер, басқа да халықаралық құжаттардың талаптары барынша ескерілген. Адам мен азаматтың жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарының мазмұны толықтырылып, олардың жаңа қырлары ашылған.
Жаңа бас құжатта адамның негізгі құқықтарын қорғауға басымдық беріліп, өмір сүру құқығының абсолюттілігі, жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғауы бекітілген.
Әлемнің көпеген өркениетті елдері сүйенетін «Миранда ережесімен» толықты.
Сөз бостандығы, ғылыми, техникалық және шығармашылық еркіндік, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау мәселелері нығайды.
Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылып, дін мен мемлекеттің бөліну қағидаты тереңдей түсті. Білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалды.
Неке – ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы деген ереже енгізіліп, әйелдердің құқықтарын қорғауға, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға негіз қаланды.
Конституция жобасы – жарты жыл бойы атақты заңгерлердің, сарапшылар қауымдастығы мен депутаттардың атқарған қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ата заңға енгізілген ұсыныстар барлық бөлімдерді және 77 бапты қамтиды, яғни 84%-ын құрайды.
Ұлбике Әлібекқызы, Сарысу аудандық ішкі саясат бөліміннің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.