Жамбылдық өнерпаздар «Men qazaqpyn» мегажобасында бақ сынауда

633

2018 жылдың 14 маусым күні республикалық «Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизиялық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өткен болатын.

Республикаға жолдама алған дәстүрлі әнші Ахат Кенжебаев (Сарысу ауданы), термеші Мәлік Мықтыбеков (Жуалы ауданы),Жамбыл облыстық филармониясының күйшісі Дулат Байзілдаев (Тараз қаласы) дүбірлі доданың II маусымында облыс намысын қорғау үшін Астана қаласына аттанды.

Онда «Қазмедиа орталығында» 4-11 тамыз аралығында аталмыш байқаудың түсірілімі өтеді.

Бұдан бұрын 7 тамыз күні Казмедиа орталығында сағат 10.00-де 2 ші бағдарламада сарысулық дәстүрлі әнші Ахат Кенжебаев, 7 тамыз сағат 14.00-де 3- ші бағдарламада Тараздық күйші Дулат Байзілдаев, ал 8 тамыз күні сағат 10.00-де 4-ші бағдарламада жуалылық термеші Мәлік Мықтыбеков өнер көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.