Жамбылдық ҚАЖ қызметкері жоғалған телефонды иесіне қайтарып берді

266

Тараз қаласының Нұрлан есімді тұрғыны өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкеріне ағасының жоғалған ұялы телефонын тауып, қайтарғаны үшін алғыс айтты.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесінің контролері Медет Бекмұрат 20 тамызда Төле би көшесінің бойымен кетіп бара жатып,
і Phone X ұялы телефонын тауып алған. Әділет сержантының айтуынша, ол ойланбастан жоғалған байланыс құралын иесіне қайтарып беруді ұйғарған.

— 20 тамыз күні кешкі сағат 21:00 шамасында №12 мектептің маңынан өтіп бара жатып, ұялы телефон тауып алдым. Сол сәтте-ақ жоғалған затты өз иесіне табыстауға бел будым. Алайда, ұялы телефонда пин код орналатылғандақтан, оны ашу мүмкін болмады. Арада 30-40 минуттай уақыт өткенде иесі хабарласып, телефонын жоғалтып алғанын, қайтарып беруімді сұрады. Кейін ол кісімен жолығып, ұялы телефонын табыс еттім, — дейді М.Бекмұрат.

Өз кезегінде жоғалған заттың иесі ризашылығын білдіріп, ҚАЖ саласының белсенді қызметкеріне азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.