Жамбылдық ҚАЖ қызметкері қайырымдылық жасады

45

Қайтарымын күтпей қайырымдылық жасау – ізгі іс. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінің қызметкерлері жомарттық жолынан жаңылмай, қайырымдылық шарасын өткізді.

Баланың жүзі балбұл жайнап, білімнің қара шаңырағына қапаланбай барғаны құба-құп. Сондықтан дәстүрлі үрдіске айналған игі істің маңызы зор. Яғни, ҚАЖ қызметкерлері аз қамтылған, көпбалалы немесе қиын жағдайдағы отбасының балаларын жаңа оқу жылына дайындауда қолдаумен қуаттап келеді.

Баланың қуанышынан артық бақыт жоқ. Кедергісіз білім алу – кемел келешегінің кірпішін қалауға негіз болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.