Жамбылда жас ақындар мүшайрасы өтті

1 040

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Жырлайды елдің бақытын, Тәуелсіз елдің ақыны!» атты жас ақындардың облыстық жыр мүшәйрасын өткізді.

Мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы Жамбыл облысында тұратын жас ақындардың бұрын баспа беттерінде жарияланбаған және топтамалар мен жинақтарға енгізілмеген, Астана қаласының 20 жылдығына, ел тәуелсіздігі мен тіл тақырыбында жазылған, 10 шумақтан аспайтын 2 өлеңі қабылданды.

Қазылар алқасын ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қайырбек Асанов басқарды. Қазылар алқасының мүшелері құрамындағы ақын, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Хамит Есаман, ақын, облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі Табиғат Абаилдаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Балмира Мырзабаева, Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілінің аға оқу әдіскері Айжан Алишева жас ақындардың өлеңдерін бағалады.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес бас жүлдені Құрбанәлі Шахабай (Тараз қаласы) жеңіп алып, І орынды Динара Батырхаирова (Шу қаласы), ІІ орынды Нұрлан Оңғаров (Байзақ ауданы), ІІІ орынды Әлімжан Шөңгербаев (Талас ауданы) иеленді.

«Есіл толқыны» номинациясымен Сәндібек Пренов (Тараз қаласы), «Арман қала – Астана» номинациясымен Нұржан Дербісәлиев (Жуалы ауданы), «Жырлаймын сені, Астана» номинациясымен Әсел Бұралқы (Талас ауданы) марапатталды. Ал, Балнұр Ерімбетова (Жамбыл ауданы), Аян Қуат (Жуалы ауданы), Айдана Кәкішева (Меркі ауданы), Жұлдыз Әмреева (Т.Рысқұлов ауданы) ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жеңімпаздар облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының дипломдарымен, Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.